Гвардиола Мессидің "көлеңке тұсын" айтып берді

Гвардиола Мессидің "көлеңке тұсын" айтып берді

"Барселонаның" шабуылшысы Лео Месси біз ойлағандай күнәдан пәк таза жан емес екен. Гвардиола Мессидің бүкіл жұмбағын жария қылып отыр.

Алдағы апталарда Хoсeп Гвардиоланың aвтoбиoгрaфиясы жарыққа шықпақ. Немістің Bild басылымы аталған кітаптан бірнеше үзіктерді келтіре кетуді жөн тауыпты.

"Ибрагимович "Барселона" сапына ауысып келген алғашқы айларда тамаша ойын өрнегін көрсетті. Ойын өрнегіне қарап барлығы оған қошемет қылысты, барлығы оны даңқ пен дақпыртқа бөледі, барлығы тек сол туралы айта бастады.

Леоға мұны бәрі ұнай бермеді. Бір жолы ол менің қасыме келіп, тоғызыншы нөмірлі швед ойнап жүрген бөлікке өзін ауыстыруын бұйырды. Ол тікесінен айтты: "Не тоғыздың орнында мен ойнаймын, не мүлдем ойнамаймын". Ал менің не істеуім керек еді?

Мессидің жақсы ойыншы екенін түсінемін, әрине. Оның ешқашан футболдан жалықпайтынына барлығымыз  үміттене аламыз. Дей тұрғанмен, оның балалық тұстары көбірек көлеңке тартады. Ол барлық балалар секілді шектен шыққан бірбеткейдің өзі. Бұл тұста періштелік бет-әлпеттің ішінде өз мүддесін ойлап қалған жыртқыштың бұғып жатқанын аңғару қиын емес.

Мендік тараптан Леоға деген толыққанды сенім белгілі бір тұрғыда оған әсер еткен де шығар. Сонысынан болар, кейде ол өз-өзін ұстай алмай қалып жатады. Месси жиі-жиі жас ойыншыларды "қатарға" қосқысы келіп әлек, оның бір жолы өз-өзіне деген сенімділігі Вильямен арада болған дауды да ұлғайтып жіберді. Даудың басы кезекті ойындардың бірінде орын алған еді. Месси сол жолы Давидке айқайлап жіберді. Давид те өз алдына футболшы есепті Мессиге сәтті тұста пас бермей, қақпаға соққы жасағысы келген-ді", - деп жазады Хoсeп Гвaрдиoлa.

Сурет:sport.obozrevatel.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига