Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Давид Лория: «Ризеспордың» жанкүйерлері жеңісті әлі де тойлап жатыр»

Давид Лория: «Ризеспордың» жанкүйерлері жеңісті әлі де тойлап жатыр»

Давид Лория: «Ризеспордың» жанкүйерлері жеңісті әлі де тойлап жатыр»

«Ризеспорт» командасының белді ойыншыларының бірі – қазақстандық қапашы Давид Лория. Бұл күндері Давид маусымды сәтті аяқтап, еңбек демалысында. Массагет тілшісі Түркияда жүрген Давидпен әлеуметтік желі арқылы хабарласып, сұхбаттасқан еді.

— Давид, бірінші кезекте сіздерді футболдан Түркияның жоғарғы лигасына шыққандарыңызбен құттықтаймыз. Енді сіздер тек Түркияның емес, бүкіл Еуропаның үздік командаларының бірі болып саналатын «Фенербахче», «Галатасарай» сынды командалармен иық тірестіріп ойнайсыздар. Бірінші лиганы жеңгенде қандай сезімде болдыңыз?
— Біздің ойынымызды ылғи да қарап жүретін түркиялық және қазақстандық жанкүйерлерге көп рақмет дегім келеді. Біз сіздердің үміттеріңізді ақтадық деп ойлаймын. Бірінші лиганы жеңгендегі әсерге келетін болсақ, өз-өзімді сөзсіз бақытты сезіндім. Мен мұндай әсерді бір кездері Қазақстан жастар құрамасы Нигерия жерінде өткен Әлем чемпионатына жолдама алғанда басымнан өткерген едім. Сонымен қатар Қазақстан біріншілігінде чемпион атанғанда да осындай бақытты кездерім болған.

— Бірінші лиганың бірінші айналымы аяқталғанда, сіздер тіпті үздік үштіктің қатарына енбей қалу қаупі бар еді. Дегенмен, екінші айналымда сәтті ойнадыңыздар. Мұның себебі неде?
— Командаға жаңа бас бапкер келді. Ол – Мұстафа Денизли. Бұл тек білікті бапкер ғана емес, сондай-ақ Түркияда ең сыйлы адамдардың бірі. Оны барлығы біледі және сыйлайды. Сонымен қатар оның көмекшілері Юсуф Шемшек пен Ибрагим Узульместі де атап өткеніміз жөн болар. Бұл кісілер бір кездері Түркияның бетке ұстар футболшылары болған. Физикалық дайындықты бақылауға Стефано Морено келді. Ол «Эвертоне», «Манчестер Сити» және «Бешікташ» сынды командаларда жұмыс істеген. Ал маған көп көмектескен адамдардың бірі – Зафер Ояер. Қақпашылардың бапкері. Бұл маманда «Бешікташ» командасында 13 жыл тер төккен. Міне, осы кісілердің арқасында біз сәтті ойнап, Түркияның жоғарғы лигасына жолдама алдық.

— Сіз бірінші лиганың "үздік қақпашысы" деген атақты ұтып алдыңыз. Маусым басталар алдында, сіз осы атаққа қол жеткіземін деп ойладыңыз ба?
— Негізінен мені "үздік қақпашы" деп лига басшылары емес, тек бір интернет басылым таңдады. Дегенмен, мұның өзі мен үшін қуаныш. Шыны керек, «үздік» атанамын деп мүлде ойламадым. Мақсатым – командамен бірге жоғарғы лигаға шығу болды. Қазақстанның футболшыларды да доп тебе алатынын дәлелдегім келді. Сосын мен өзімнен бұрын Саматқа қатты қуандым. Оны «үздік орталық жартылай қорғаушы» деп таныды. Сэм бар болғаны жарты жылдың ішінде өз ісінің нағыз шебері екенін дәлелдеп берді.

Түркияда әрбір футбол кездесуі мейрам секілді өтеді. Сіздер жоғары лигаға жолдама алғанда, жанкүйерлеріңіз қалай тойлады?  
— Жанкүйерлер әлі де тойлап жатқан секілді. Қаланың іші толы «Ризеспордың» тулары. Кафе немесе сауда орындарында жанкүйерлер клубтың әнұранын айтып жүр. Ал біз «Анкарагюджюді» жеңіп, жоғарғы лигаға жолдама алғандағы атмосфера мүлдем басқа болды. Стадионнан шыға алмай қалдық. Барлығы тарқаған соң үйге қайту керек. Әдетте мен тұрып жатқан үйіме стадионнан 5-7 минутта келемін. Бұл жолы мен жолда 1 сағат жүрдім. Түні бойы тереземіздің алдында ән айтып, би биледі.

— Жалпы аяқталған маусымға көңіліңіз тола ма? 

— Өткен спорттық ғұмырымды қарап отырсам, бұл менің ең үздік өткізген маусымым екен. Дегенмен, мен осы уақытқа дейін Қазақстанда бірнеше сәтті маусымдарды өткізгем. Бірақ бұл маусым мен үшін ерекше. Өйткені, жарақатымнан айығып, жаңа біріншілікте өнер көрсеттім.

— Түркияда жүргенде Қазақстанды сағындыңыз ба?

— Әрине! Отбасымның, достарымның алыста екені біліп тұрды. Бақытымызға орай, біз қазір интернет өте дамыған заманда өмір сүреміз. Сізбен де осы ғаламтор арқылы сөйлесіп отырмын ғой. Сол секілді мен достарыммен, туыстарыммен интернет арқылы жиі хабарласып тұрамын.

— Ал футболдан Қазақстан біріншілігін көріп тұрасыз ба?

— Иә. Әсіресе, «Ертіс» командасының ойындарын жиі қараймын. Не дегенмен, мен ол командада соңғы екі жылымды өткіздім. Оның үстіне ол жақта менің көп достарым ойнайды.

— Түрік баспаларында Мұстафа Денизли «Ризеспордан» кетіп, Түркия құрамасын жаттықтырады деген сыбыс бар...

— Шынымен мұндай әңгіме болды. Түркия футбол федерациясы да Денизлиге ресми ұсыныспен шыққан көрінеді. Сонымен қатар, бұл маманды «Фенербахче» командасы да шықыртқан екен. Бірақ Денизли бұл ұсыныстардың барлығына «жоқ» деп жауап беріпті. Ол алдағы маусымда «Ризеспорды» Еуропа Лигасына алып шығамын деген мақсат қойып отыр.

— Сіздің досыңыз әрі командаласыңыз Самат Смақов Қазақстанға оралу туралы ойланып жүр екен. Бұл туралы не ойлайсыз?

— Самат жас бала емес. Ол өзіне не керек екенін біледі. Мен дәл қазір Самат «Ризеден» кете ме, кетпей ме, анық білмеймін. Бір білерім, келер маусымда оған Мұстафа Денизли үлкен сенім артады. Дей тұрғанымен, Сэм өзінің отбасын қатты сағынады. Отбасылық жағдайға байланысты Қазақстанға қайтып кетуі мүмкін. Менің ойымша, егер Смақов командадан кетемін десе, Денизли түсіністікпен қарау керек.

— Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Сурет: Давид Лорияның жеке мұрағатынан.

253 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 17 мамыр 2013, 16:14
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...