Қанат Ислам кезекті жеңісіне жетті

Қанат Ислам кезекті жеңісіне жетті

Кәсіпқой бокста Қазақстан намысын абыроймен қорғап келе жатқан былғары қолғап шебері Қанат Ислам 13-жеңісіне жетті.

2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері 13-кездесуінде Доминикан Республикасының боксшы Хосе Антонио Родригеспен жұдырықтасты. Доминикан Республикасының Санто-Доминго қаласында өткен бұл кездесуде отандасымыз Қанат Ислам айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Төрешілердің гонгы естілген соң, 1 минуттай өткенде, Қанат күрзі соққысымен қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұл – Исламның 13 кездесуіндегі 13-жеңісі. Оның 11 кездесуін жерлесіміз таза жеңіспен аяқтаған. Ал доминикандық бокшы шаршы алаңда 20 кездесу өткізіп, оның 15-інде жеңіліп қалған.

Айта кетейік, 2012 жылдың қараша айында Қанат Родригеспен кездескен еді. Ол кездесуде де Қанат Ислам кездесудің үшінші раундында қарсыласын нокаутқа жіберген болатын. Ал өткен айда біздің былғары қолғап шеберіміз АҚШ жерінде эквадорлық боксшы Эдуардо Флорестің сағын сындырған еді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

А. Құлтай