Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Сергей Корчинский: «Атамандарды» жеңу керекпіз!

Сергей Корчинский: «Атамандарды» жеңу керекпіз!

Сергей Корчинский: «Атамандарды» жеңу керекпіз!

WSB тұжырымында өнер көрсететін «Астана Арланс» командасы бұл топтаманың финалдық кезеңіне шықты. Жартылай финалда біздің жігіттер «Мексика Әтештерінен» қос кездесу қорытындысы бойынша, 8:2 есебімен басым болды. Енді 10 және 11 мамыр күндері «Арландар» «Украина атамандарымен» финалда жолығатын болады. Өз кезегінде «Атамандар» бұл топтаманың былтырғы жылғы жеңімпаздары «Dolce & Gabbana Milano Thender» клубын жарыс жолынан шығарды. Айтпақшы, италиялықтарды былтыр Сергей Корчинский бапкер жаттықтырған болатын. Ал бүгінге бұл маман «Астана Арланс» командасымен сәтті өнер көрсетуде. Осы орайда Массагет тілшісі Сергей мырзаға хабарласып, финалдық кездесу алдындағы және осы уақытқа дейінгі «Арландардың» жүріп өткен жолы туралы сұрап-білген еді.

— Мексика жерінде қарсыласты жеңгенімізге қарамастан, мен қарымта кездесуде қобалжып отырдым. Өйткені, «Әтештер» қарымта кездесуге кіл мықты боксшыларын алып келген болатын. Оның үстіне, өз жігіттерімнің физикалық дайындығына уайымдадым. Жігіттердің жаттығулары ұзақ әрі қатал режимде болды. Дегенмен менің күмәнімнің барлығы да бос әуре болыпты: жігіттер тамаша бокс көрсетті. Сондықтан да команда қатарындағы боксшыларға алғысымды айтықым келеді, - деп бастады әңгімесін Сергей Корчинский.

— Иә, жартылай финалда тамаша өнер көрсеттіңіздер. Енді алда «Атамандар» күтіп тұр. Жалпы маусымды украиналық командамен бастаған едіңіздер. Енді бұл ұжыммен қажырлы еңбек пен тынымсыз жаттығуларға нүкте қоятын боласыздар...

— Шынында да, барлығы бейне бір детективта болған оқиға секілді. Украинамен бастадық – Украинамен аяқтайтын боламыз.

— Құрамында Олимпиада ойындарының чемпиондары бар Украина командасын қалай жеңуге болады?

— Мен «Атамандардың» екінші жартылай финалдық кездесулерін көрген жоқпын. Қарау керек. Қарсылас туралы көп ақпарат жинау керек. Сосын осы жиналған мәліметтер бойынша, қарсыластың осал және мықты тұстарын анықтайтын боламыз.  

  «Арландар» сапынан финалда жұдырықтасатын боксшылардың тізімін жасап қойған шығарсыз...

—  Уақыттың алдына түсіп, жүгірмейікші. Финалға дейін әлі 20 күн бар. Мен финалда шығатын боксшылардың тізімін жасаған жоқпын. Тізім жасау үшін боксшыларымның қарымын анықтау керек. Командада қатарында 15-тен көп боксшы бар. Барлығы да «сен тұр, мен атайын» деп тұрған боксшылар. Бірақ мен кімнің дайындығы жақсы болады, сол боксшыны рингке шығаратын боламын.

—  Көптеген бокс жанкүйерлері финалда Усик пен Мырсатаевтың жекпе-жегін күтуде. Бұл кездесу болуы мүмкін бе?

— Әрине, болуы мүмкін. Дегенмен бұл кездесуде Усик анық фаворит болады. Ол осы уақытқа дейін аса ауыр салмақтағы барлық мықты боксшыларды жеңіп келеді. Русланның соққысы мықты. Әр боксшының көзірлері болады. Боксшылардың қайсысы мықты жағын оңтайлы пайдаланса, сол жеңіп кетуі мүмкін.

—  Сіз келер маусымда «Арландардың» қатарында қаласыз ба?

— Бұл енді менің құзырымдағы шаруа емес. Команданың жетекшілері бар. Сол кісілер шешетін болады бұл мәселені. Ал менің қазақстандық командамен келісім-шартым бір жылға жасалған.

— Ал жалпы өзіңіздің команда қатарында қалғыңыз келе ме?

— Бұл сауалды мен тек команда жетекшілерімен отырып шешетін боламын. Команда қатарында жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Жағдайымыз да қарастырылған. Бірақ мен жанұямнан ұзақтамын. Осы жағдай аз-кем проблема тудырады.

— Өзіңіз туып-өскен Украина елі сізге шақырту жасаған жоқ па?

— Осы сұраққа байланысты «Атамандармен» маусым басында әңгіме болған. Дегенмен біз келісім-шарт жасауға кіріскенде, олар маған нақты ұсыныс жасаған жоқ. Сондықтан мен Украинада қалған жоқпын. Ал осы күнге келетін болсақ, бүгінде маған Украинадан ешқандай ұсыныс келген жоқ.

—  Финалдық кездесу туралы айтып берсеңіз енді. «Арландардың» «Атамандарды» жеңуге қауқары жете ме?

—  Тағы қайталап айтамын, мен уақыттың алдына түскім келмейді. Барлығын жігіттердің дайындығы және шаршы алаң көрсететін болады. Бірақ біз «Атамандарды» жеңу керекпіз!

—  Әңгімеңізге рақмет. Финалдық кездесуде тек жеңіс тілейміз.

Сұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Сурет: sports.kz

 

 

740 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 25 сәуір 2013, 19:44
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...