Қазақстандық спортшылар Абу-Дабидегі жарыстың Т2 классында жеңімпаз атанды

Қазақстандық спортшылар Абу-Дабидегі жарыстың Т2 классында жеңімпаз атанды

Құрамында экипаждар Денис Березовский мен Алексей Никижев бар еліміздің Off Road Kazakhstan командасы Аbu Dhabi Desert Сhallenge-2013 ралли-рейдінің Т2 классында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

266 шақырымды құраған жарыстың соңғы кезеңінде олар мінген Nissan Patrol көлігі осы аралықты 4 сағат, 9 минут, 22 секундта жүріп өтті. Бір қызығы, осы кезеңде екінші орынды тағы да Қазақстан өкілдері Бауыржан Исабаев пен Станислав Подолянюк иеленді.

Сонымен, көліктер арасындағы барлық класстағы жалпы есепте Березовский мен Никижев 11-орыннан көрінді. Ал бас жүлде испандық Нани Рома мен француз Мишель Перинге бұйырды.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: жеке мұрағатттан

Б. Қосмағамбет