Мәңгілік ойнауға болатын пинг-понг үстелі жасалды

Мәңгілік ойнауға болатын пинг-понг үстелі жасалды

Джеймс Де Вульф атты дизайнер темір мен бетонның қосындысынан ешқашан да бұзылмайтын пинг-понг үстелін жасап шықты.

274×152.5 см көлемді ойын үстелі тек үйде ғана емес, далада да іске жарамды. Жауған жаңбыр мен қардың да зиян келтіруі неғайбыл. Ойын үстелі бір уақта әдемі дизайнмен жасалған дастарханға айналып, асыңызды да іше аласыз. Бұл көпқызметті жиһаз 7 мың доллар тұрады.

Мәңгілікке арналған үстел үшін 7 мың дегеніңіз не, түге!

Джеймс Де Вульф - бұл жиһаздың барлығын да өз қолымен жасайды. Бетон мен темірді араластыру арқылы жиһаз жасау әлемнің алып дизайнерлерін бір таңғалдырған екен.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: myhome.ru

А. Құлтай