Энергия сыйлайтын футбол добы

Энергия сыйлайтын футбол добы

Жақында Гарвард университетінің төрт студенті футбол добын ықшам электр генераторына айналдырды.

Нақтылай кетсек, ойын сәтіндегі әр соққыдан доп бар-жоғы 15 минут ішінде зарядқа толып, үш сағат бойына емін-еркін қолданыла алады.

Жаңа өнертабысқа "SOCCKET" деген атау беріліпті: soccer - футбол және socket - электрлік розетка. Заманауи доптың жұмсақтау механизмінің ішкі бөлігі футбол ойыны барысында кинетикалық энергияға толысып және шар ішіндегі аккумулятордың арқасында келесі қолданысқа дейін сақтала бермек.  30 минуттық ойын арқасында үш сағаттық жарық алуға болатын көрінеді.

Алдағы күнде АҚШ-тың солтүстігі мен оңтүстігінде орналасқан кедей елді-мекендерде аталған өнертабыс сынақтан өтеді. Қазірдің өзінде мыңдаған адамның қызығушылығын тудырып, демеушілік етем дейтіндердің қатары күннен-күнге көбеюде екен. Бір жылда бірнеше ғана доп шығара алған студенттер жан-жақты іздену үстінде.

Өнертабыс иелері өз жобалары бойынша:

"Біз жасап шығарған өнертабысты жарығы жоқ кедей үйлерге үлестірдік. Сонымен қатар физика, экономика, сауда-саттық саласымен айналысатын жандарға да SOCCKET-ті ұсынғанды жөн көрдік. Өз кезегінде біздің де допқа деген сүйіспеншілігіміз артып отыр"- дейді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига