Бильярдқа арналған виртуалды көмекші

Бильярдқа арналған виртуалды көмекші

Бүгінде бильярд көптеген адамдардың сүйікті ойыны. Бұл ойын арқылы денені, сонымен қатар ойды да шынықтыруға болады. Жақында осы бір қызықты ойынды үйренгісі келетіндерге арнап португалиялық өнертапқыштар ерекше құрылғы жасап шығарды. 

Португалиялық University of Algarve университетінің жасап шығарушылар тобы бильярд ойнауды үйреніп жүргендерге арнап интерфейс жасады. Жүйе төбе камералардан, соққыны дәл ұруға арналған лазерлі таяқшасы бар арнаулы кийден, санды проектор мен софттан құралған. Шар траекториясы бір мезетте есепке алынады және ол үстел үстінде сызықтардың сәулеленуі арқылы байқалады. Оның қалай жұмыс істейтінін көргіңіз келсе, төмендегі видеоға назар аударыңыз.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM