"Барыс" ойынын тамашалау құны екі есеге қымбаттады

"Барыс" ойынын тамашалау құны екі есеге қымбаттады

Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы Гагарин Кубогының плей-офф сындары алдында билет бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Салыстырмалы түрде айта кетсек, тұрақты маусым кезінде трибунадағы бір орын бағасы сектордың орналасуына қарай 1200-1800 теңге аралығында болатын. Ал плей-офф аясында 25 және 26 ақпан күндері "Тракторға" қарсы ойналатын матчтағы билет бағасы 2000-3000 теңге аралығында сатылмақ. 

"Барыс" клубының ресми сайтының хабарлауынша, билеттердің жаппай сатылымы 21 ақпан күні басталмақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: newzzz.kz

Б. Қосмағамбет