Қулығы асқан спортшылар

Қулығы асқан спортшылар

Спортта әрқашан тек ең күшті, ең жылдам немесе ең дарындылар жеңіске жете бермейді. Кейде сәтті және қулардың жолы болып жатады. Сондықтан қулықты спорттың басқа да таланттарымен бір қатарға қоюға болады. Себебі футбол бапкерлері кездесуді ойын тактикасын түсінумен ғана емес, асқан қулықтарының арқасында да ұтатын кездері бар. 

Егер күш пен ептілікті жаттығу барысында жетілдіруге болса, қулықпен бұлай істей алмайсың. Егер ол туа біткен қасиет болмаса, әлсіз жерім осы деп біліңіз. Қу спротшылар тактикасын бірнеше қадам алға ойластырып қояды, олар осылайша қарсыласының есін шығарып, доданы жеңіп шығады.

Велоспортта өте ескі бағдарлама – спринттің бар екенін білетін шығарсыздар. Спортшылар шеңбер айналасында жарысып, финишқа бірінші келген велоспортшы жеңімпаз атанады. Міне, дәл осы спорт түрінде көбіне тек ең қулар ғана жеңіске жетеді. Жарыста тиімді позиция қарсыластың артында болу болып саналады. Өйткені артта епті тәсіл қолданып, шабуыл жасау оңайырақ. Сондықтан, артқы орынға да таласатын сәттер де болып жатады.

Кейде спортшылар ереженің осал жерлерін тауып, оны өз пайдасына қолданғысы келеді. Дегенмен, бұл әрқашан жүзеге аса бермейді. Жүзуден болған чемпионаттардың бірінде бір спортшы старттан соң су бетіне шығуды «ұмытып» кетіп, финишқа су астында жетеді. Алайда, төрешілер, арқамен жүзудің орнына, мұндай айлакерлікті «еркін стиль» деп таныған.

 

«Атлетико» Минейроның жартылай қорғаушысы, аты аңызға айналған Роналдиньо әлі де өзінің ойынымен көптеген футболсүйер қауымды қуантудан жалығар емес. Бұл жолы бразилиялық футболшы қарсылас команданың қақпашысы Рожерио Сениден айласын асырумен көзге түсті. Роналдиньо су сұрап барған кезде оның әріптесі ауттан допты ойынға қоса бастайды. «Атлетико» Минейроның допты лақтырғаны соншалық, «Барселона» және «Милан» клубтарының бұрынғы ойыншысы «Сан Пауло» қақпасышымен бетпе-бет қалады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: aim-sport.com

Ж. FM