Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Футболдың тарихы

Футболдың тарихы

Футболдың тарихы

Футбол – әлемдегі ең танымал топтық ойындардың бірі, оның тарихы бірнеше ғасыр уақытты қамтиды. Доптың қатысуымен футболға ұқсас ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), антика әлемінде (Греция, Рим), Франция елінде («па супь»), Италия («кальчио») мен Англияда ойнаған. Қазіргі еуропалық футболдың арғы тегі римдік «гарпастум» ойыны болса керек. Допты екі тіреудің ортасынан өткізуге негізделген бұл ойын кезінде әскери легионерлерді жаттықтыруға арналған спорттың бір түрі болған көрінеді. Футболға ұқсас ойын туралы б.з.б 1900 жылы Ежелгі Мысырда белгілі болған. Ежелгі Грецияда халық арасында доп ойыны б.з.б. 4 ғ. дейін белгілі болған. Бұған Афины мұражайында қазіргі уақытқа дейін сақталып тұрған «доп ойнаған баланың» суреті дәлел бола алады. Спарта сарбаздарының арасында «эпискирос» атты доп ойыны өте жиі кездесетін. Қолмен де, аяқпен де ойнайтын ойынды римдіктер «гарпастум» («қол добы») деп атап, олар ойын ережесін бірнеше рет өзгерткен. Ойын қатыгездікпен ерекшеленетін. Римдік шабуылшылардың арқасында б.з.д. I ғасырда доп ойыны Британ аралдарына тарап, жергілікті тұрғындар: бриттер мен кельттер арасында үлкен қызығушылыққа ие болған. Бриттер б.з. 217 жылы Дерби қаласында алғаш рет римдік легионерлерді тізе бүктіріп, ойынның дамуына өз үлестерін қосқан болатын.

Б.з. V ғасырда бұл ойын Рим империясымен бірге жоғалып кеткенімен, ойынның ережелері еуропалықтардың, әсіресе, итальяндықтардың естерінде қалған. Тіпті, эмоцияларын сыртқа шығармаған, тұйық мінезді Леонардо да Винчидің өзі де сол ойынға қызығатын. XVII ғасырда  дарға асып өлтірілген I Карлдың жақтастары Италияға қашып, сол жерде осы ойынмен тасысқан. Кейін 1660 жылы таққа II Карл отырғанда олар бұл ойынды Англия еліне әкеліп, сарай маңындағыларға үйреткен. Англиядағы ортағасырлық футбол құмарлық пен дөрекілікпен сипатталып, ойын көшелерде толық хаус пен төбелес негізінде ұйымдастырылатын. Билік басындағылар да бұл қантөгісті тоқтатуға бар күштерін салып, арнайы корольдік бұйрықтар да жарық көрген. 1314 жылдың 13 сәуірінде Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салатын II Эдуардтың жарлығы оқылып, шарт бұзылған жағдайда, қамауға алу жазасын қолдану туралы заңға қол қойылған. Уақыт өте келе, сарбаздар бұл ойынға садақ тарту өнерін қосып, ойын ережелерін одан сайын ушықтырып жібергендіктен, 1365 жылы III Эдуард тағы бір жарлыққа қол қойған. 1389 жылы жарыққа шыққан II Ричардтың жарлығында футбол, сүйек пен теннис ойындарына тыйым салу тармақтары қарастырылған. Футбол ойыны  Генрих IV-тен бастап  Яков П дейінгі ағылшын монархтарына да ұнамайтын еді.

Барлық тыйым салатын жарлықтарға қарамастан, футболға деген қызығушылық күн санап өскендіктен, бұл ойын Англияда бейресми түрде  мақұлданып, алғаш рет «футбол» деген атқа ие болған. XIX ғ. басында «топтық футбол» бірітіндеп ұйымдасып, қазіргі ойынға ұқсай бастаған. Осы ойынның алғашқы ережелері 1846 жылы Регби-скулда құрастырылып, екі жылдан кейін Кембридж қабырғаларында нақтыланса, 1857 жылы Шеффилдте алғашқы футбол клубы ұйымдастырылған. Алты жылдан кейін бірыңғай ережелерді мақұлдау мен мемлекеттік футбол ассоциациясын құру мақсатымен Лондонда жеті клуб бас қосқан болатын. 1863 жылы Лондонда мемлекеттік футбол ассоциациясының негізі қаланып, әлемде футболдың алғашқы ресми ережелері жарық көріп, бұл ойын халық көңілінен шыққан. XIX ғасырдың аяқ жағында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды түрде дамыған. Ал 1904 жылы Бельгия, Дания, Швейцария елдерінің бастамасымен Халықаралық футбол федерацияларының ассоциациясы (FIFA) құрылған.

Сурет penaltycup3d.ucoz.ru сайтынан алынған

20011 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 04 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...