Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Ең ұзақ болған футбол кездесуі

Ең ұзақ болған футбол кездесуі

Ең ұзақ болған футбол кездесуі

Футболдағы ең күшті шабуылшы кім? Гол соғуға ықылас білдіретін футболшының есімі кім? Ең ұзақ футбол кездесуі қанша уақытқа созылды? Осындай сұрақтар футбол жанкүйерлерін қызықтыратыны анық. Соңғы сұраққа жауап табу үшін Гиннес рекордтар кітабын парақтауды жөн көрдік.

2009 жылдың сәуірінде Англиядағы Бристол қаласында екі әуесқой команда кездесіп, әлемдегі ең ұзақ футбол кездесуін өткізген болатын. Бұл кездесуде Бристол футбол академиясының жасөспірімдер командасы Лидстан келген құрбыларымен допқа таласты. Бұл кездесу Гиннес рекордтар кітабына ену мақсатымен арнайы ұйымдастырылған болатын. Әр команда өз тарапынан алаңға 18 ойыншы шығарып, олардың әрқайсысы кем дегенде 18 сағат ойнауға тиіс еді. Футболшылар қосымша ойышыларға арналған орындықтарда дем алды. Рекорд орнату - жеңіл шаруа емес. Футболшылардың сөздеріне сенсек, ойынның ең ауыр кезеңдері тәуліктің басына келетін. Ойыншылар алаңда бір тәулік өткізген соң, ұйымдастырушыларға рекорд орнату мүмкін болып көрінді.

Кездесу сәуірдің 11-і күні басталып, келесі тәуліктің кешінде тәмәмдалды. Ойын жергілікті колледждің алаңында өткен. Ауа температурасы шамамен нөл градус болғандықтан, ойыншылар қатты шаршамаған. Ойын барысында әр ойыншы шамамен 70 шақырым жүгіріп өтіп, кездесу 285:255 есебімен Лидстың пайдасына шешілген. Бұл ұзақ әрі тартысты кездесуде ең мықты ойыншы қарсыласының қақпасына 75 рет доп кіргізді. Кездесудің мақсаты тек Гиннес рекордтар кітабына ену ғана емес, сонымен қатар, менингит ауруына шалдыққан адамдарға көмектесу үшін де ұйымдастырылған болатын. Бұл аурудың кесірен Лидстің жартылай қорғаушысы Джейми Бердетте қайтыс болған еді. Ливерпуль жұлдызы Иан Раш бұл ойынға таңғалып, фондқа 200 мың фунт стерлинг шамасында қаражат аударған. Иан Раш та бала кезінде бұл ауруға шалдыққан болатын.

Әуелгі рекорд Австралияда орнатылған еді. Сол кездесуде қарсыластар алаңда 32 сағат 56 минут уақыт өткізген болатын. Алғашында командалар 40 сағат ойнайды деп жоспарланған, алайда, ойыншылар бұл көрсеткішке жете алмады.

Қайреке Серікұлы

 Сурет toprekord.ru сайтынан алынған

1944 4
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 желтоқсан 2011, 18:32
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2011, 21:21

Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер мынадай ойынды назардан тыс қалдырмаған шығар, сірә)

+0
20 желтоқсан 2011, 21:28

қандай керемет болған кездесу десеңші

+0
31 желтоқсан 2011, 11:59

бірінші рет естіп тұрмын

+0
02 қыркүйек 2012, 20:15

Кездесу сәуірдің 11-і күні басталып, келесі тәуліктің кешінде тәмәмдалды. Ойын жергілікті колледждің алаңында өткен. Ауа температурасы шамамен нөл градус болғандықтан, ойыншылар қатты шаршамаған. Ойын барысында әр ойыншы шамамен 70 шақырым жүгіріп өтіп, кездесу 285:255 есебіме :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...