Олимпиада ойындарына 8 спорт түрі қосылуы мүмкін

Олимпиада ойындарына 8 спорт түрі қосылуы мүмкін

Халықаралық Олимпиада Комитеті олимпиада ойындарына сегіз ойын түрі қосылуы мүмкін. Бұл туралы rg.ru порталы хабарлар отыр.

Олимпиада ойындарында қазіргі уақытта 28 ойын түрі бар. Белгілі болғандай, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға қатысатын спортшылар гольф және регби-7 ойындарында медальдарға таласады. Ал ойындар қатарынан шығуы мүмкін болып отырған спорт түрлері бессайыс пен таэквандо.

Өз кезегінде ХОК тағы да 7 спорт түрлерін бағдарламаға енгізу туралы мәселені қарастырып жатыр. Бірақ олардың барлығы да 2013 жылы Буэнос-Айресте өтетін сынақ сессиясында қабылданбауы мүмкін. Ал «Инсайд ви Гемз» британдық сайтының жазуынша, тауға өрлеу, каратэ, роликпен тебу, сквош, ушу, уэйкборд, бейсбол және софтбол ойындарының өкілі Халықаралық Олимпиада комитетіне өтінім түсірген.

ХОК бұлардың біреуін де таңдамауы мүмкін. Бірақ ойындарды олимпиадаға кіргізу туралы мәселені толықтай қарап беретін болды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vokrugsveta.ru

А. Құлтай