Сочи-2014 Олимпиада ойындарының билет бағалары анықталды

Сочи-2014 Олимпиада ойындарының билет бағалары анықталды

Сочи 2014 Олимпиада ойындарының билет бағасы жарияланды. Сонымен, қысқы ойындарды тамашалау үшін көрермен 1 мың-нан 40 мың рубль аралығында шығындалады екен. 

Ең қымбат билет ерлер арасындағы хоккей матчының финалына сатылмақ. Ондағы билеттің құны 40 мың рубль. Салыстырмалы түрде айта кетсек, әйелдер арасындағы хоккейден финалдық матч билеті одан үш есеге арзан тұрады. 

Мәнерлеп сырғану сайысының билет бағасы да арзан емес. Жекелей сындағы сайысты көрем деушілердің қалтасы 20 мың рубльге жұқарса, жұптық сайыстың билет құны 1,5 мың мен 23 мың рубль аралығында.

Ал ең арзан билеттер шанамен және шаңғымен жарысу, бобслей сияқты спорт түрлеріне тиесілі болып шықты. Олимпиадалық парк аумағына кіру бағасы 200 рубльді құрайды.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: izvestia.ru

Б. Қосмағамбет