Таңғажайып спорт шебері - Кидого

Таңғажайып спорт шебері - Кидого

Адам баласының ақылы жетпейтін қиын да күрделі әрекеттерді ессіз хайуанның жасағаны жұртты қайран қалдырды. 

Kidogo есімді 12 жасар горилла 2012 жылы Германияның батысындағы Krefeld хайуанаттар бақшасына әкелінген болатын. Хайуанаттар бақшасының қызметкерлері оның ойын бөлу арқылы ата-мекеніне деген сағынышын бәсеңдету үшін бақша ішіне арқан тартып қойған. Басқарушылар бұл арқан арқылы ұстап жүру секілді ойындармен айналысып, оған аз да болса көңілділік сыйлайды деп ойлаған.

Ойламаған жерден Кидого арқан үстінде тепе-теңдігін сақтап, еркін жүре алатын болған. Тіпті оның арқан үстіндегі адам сенгісіз әрекеттері басқарушыларды қайран қалдырған. Бақша қызметкерлерінің мақсатсыз жасаған жағдайы оны «таңғажайып спорт шеберіне» айналдырған. Бұл суретті хабарлар интернет бетінде жарияланысымен, бұл бақшаға келіп, оны көретіндердің саны күн сайын арта түскен екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mirfactov.com

Қ. Қауымбек