Жүз жасар қария әлемдік рекорд орнатты

Жүз жасар қария әлемдік рекорд орнатты

Естімеген елде көп дегендей, жүз жасаған француз велошабандозы өз жас дәрежесінде жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы NEWSru.com хабарлайды.

Роберт Маршан Швейцарияның велодромында бір сағат ішінде 24,25 шақырым жерді жүріп өткен екен. Бұл таңқалдырарлық оқиғаның куәгерлері қатарында қарапайым көрермен мен Халықаралық велошабандоздар одағының өкілдері болған. "Мен бұдан да тез жүріп өтер едім, бірақ менің ынтам болмады" - депті спортшы өз сөзінде.

Роберт Маршан 1911 жылы дүниеге келген. Велоспортпен 78 жасынан бастап айналысып келеді. "Ол күн сайын жаттығу жасап, шылым шекпейді" - деді француздың Ардеш жерінде веложарыстарды ұйымдастыратын директор Жерар Мисле. Бұл рекордта Маршанның қамқоршысы ретінде Жерар Мисле ат салысқан.

Cурет panarmenian.net сайтынан

Форумда талқылау