Видео: Тәжікстандағы футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды

Видео: Тәжікстандағы футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды

Тәжікстанның футболдан жоғарғы лигасының 24-ші турындағы матчтардың бірі жаппай төбелеспен аяқталды. Тәртіпсіздік 8 қараша күні Истаравшан қаласында жергілікті команда мен душанбелік Энергетик клубы арасындағы ойын кезінде болды.  

Кездесу 81-ші минутта 1:1 есебімен тоқтатылды. Жаппай төбелес төрешінің бірден екі бірдей ойыншыны алаңнан қуғаннан кейін басталды. Төреші бірінші болып қақпашыға, одан соң қорғаушыға қызыл қағаз көрсеткен. 

Одан соң төрешінің бұл шешеміне наразы болған жанкүйерлер алаңға шығып, арты үлкен жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Олар алдымен төрешіге, кейін футболшыларға шабуыл жасаған. Алаңдағы тәртіп сақшыларының оларды тоқтатуға ешқандай қауқары болмады.   

Осы оқиғаға байланысты қазіргі кезде Тәжікстанның футбол Федерациясының тәртіпті бақылау комитеті тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет