Пеле: "Марадона Мессиден әлдеқайда мықты ойнаған"

Пеле: "Марадона Мессиден әлдеқайда мықты ойнаған"
Фото: sports.ru

Футбол патшасы Пеле де талай ойыншыларды сынға алып, талай ойыншылардың өнерін жоғары бағалаған тұлғалардың бірі. Жақында Месси туралы айтқаны кей жанкүйерлердің көңілінен шықпай қалғандай...

Пеле аргентиналық футболшыны өзімен және өзге де ойыншылармен салыстыруға келмейтінін ашық айтқан. Сондай-ақ Мессиден Марадонаның мықты ойнағанын мойындаған, - деп жазады goal.com.

- Оң аяқпен, сол аяқпен, баспен ойнай алатын ойыншыны тек бір ғана аяғымен ойнайтын, тек бір ғана икемі бар футболышмен қалай салыстыруға болады? Ойланып көріңізші? Менімен салыстыру үшін оң аяғымен, сол аяғымен және баспен керемет ойнай білуі керек.

Марадона - әлемдегі ең мықты футболшылардың бірі. Егер менен сұрайтын болсаңыз, ол Мессиден әлдеқайда мықты болған, - деген Пеле.

Марадона Пелені неге мойындамайды?

Бразилия футболының аңызы Мессиді жиі сынға алады. Бір сұхбатында "Месси - кемеліне толмаған футболшы" деп те айта кеткен болатын.

Ө. Сансызбай