Грекиялық полицей Гиннестің рекордтар кітабына енді

Грекиялық полицей Гиннестің рекордтар кітабына енді

Грекиялық полицей ең әмбебап арбитр ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 29 жастағы  Андреас Колеттис спорттың 27 түрінен төрешілік жасауға лицензия алған екен. 

Афиналық Skai телеарнасының мәліметі бойынша, Колеттис полициядағы қызметімен қоса, Грекияның ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы міндетін қатар алып жүреді екен. 

Рекордсмен төреші келесі спорт түрлері бойынша ресми сертификатқа ие: жеңіл атлетика, бадминтон, баскетбол, жағажай волейболы, жағажай теннисі, жағажай гандболы, бокс, нашар көретін жандарға арналған футбол, бридж, шахмат, биатлон, триатлон, семсерлесу, футбол, шағын футбол, спорттық тауға өрмелеу, паратриатлон, моторлы ралли, желкенді спорт, спорттық балық аулау, жүзу, синхронды жүзу, теннис, үстел теннисі, су астында нысанаға ату, у-шу және кунг-фу.

Бұрын Андреас Колеттис ауыр атлетика және жүзумен айналысқан екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: samogo.net

Б. Қосмағамбет