Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Әлемдегі ең жылдам футболшылар

Әлемдегі ең жылдам футболшылар

Әлемдегі ең жылдам футболшылар

Американдық Bleacher Report спорттық басылымы әлемдегі ең жылдам 50 футболшының тізімін жариялады. Тізімге көрші Ресей чемпионатынан алты ойыншы кірген. Олар: Марк Гонсалес, Ахмед Муса, Сейду Думбия ЦСКА-дан (41, 38 және 11-орындар), "Локомотивтен" Майкон, Виктор Обинна (39 және 36-орындар) және зениттік Владимир Быстров (30-орын).

Рейтингті 23 жасар ағылшындық "Арсенал" клубының ойыншысы Тео Уолкот бастап тұр. Оны мамандар Англияның болашақ жарық жұлдызы деп бағалайды. 

Екінші орында Италияның "Парма" клубынан Джонатан Биабиани тұр. Үшінші орынға Қытайдың "Бэйцзин Гоань" клубының ойыншысы Хоффре Геррон жайғасса, төртінші мен бесінші орынды "Колорадо Рапидс" американдық клубтың қорғаушысы Марвелл Уинн мен 19 жасар жапон жартылай қорғаушысы  Рё Мияити бөлісті. 

Сонымен бірге, үздік ондық қатарына колумбиялық "Кальяри" сапындағы Виктор Ибарбо (6-орын), бразилиялық Лукас Моура (7-орын), "Бавариядан" Арьен Роббен, "Тоттенхэмнен" Аарон Леннон және "Миланнан" Иньяцио Абате кіріп отыр. 

Бір қызығы, португалиялық Криштиану Роналду тек 14-орын алса, Лионель Месси 31-орыннан көрінген.

Айта кетерлік жағдай, бұл тізімге еліміздің бірде-бір аяқдоп шебері кірмеген екен.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

суреттер: bleacherreport.com


6162 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 23 қазан 2012, 11:31
Пікірлер
+0
23 қазан 2012, 14:30

Біздің Қазақстанның футболшылары үздік 50-лікке емес үздік 500-дікке кірсе риза болатын едім. Әрине егерде кіріп жатса.

+0
23 қазан 2012, 14:48

біздікілер қашан көш бастайды???

+0
23 қазан 2012, 20:16

бастап тұр ғой?! соңынан санағанда....

+0
25 қазан 2012, 02:51

Қазақтың Пелесі мен Марадоннасы пайда болғанда

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...