Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Қажымұқан Мұңайтпасов. Өмірі

Қажымұқан Мұңайтпасов. Өмірі

Қажымұқан Мұңайтпасов. Өмірі

Атандым Мұқан палуан бала жастан,

Ішінде күштілердің болдым астам.

Талай-талай жерлердің дәмін татып,

Өтті дәурен осылай біздің бастан.

Қажымұқан

 

Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады.

Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.

1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста Қажымұқан бәсекелестерін тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанады. Бірақ, орыс басшылығына бұратана халықтың аты шығып жатқаны ұнамай, Қажымұқанды орыс есімімен өнер көрсетуге мәжбүрледі. Қазақ батырына «Иван Чёрный» сынды лақап аттар қойылып, азан шақырылып қойған есімін жариялауға тыйым салынды. 1909 жылы өткен Халықаралық жарыста Мұқан жарыс алаңына «Қара Мұстафа» деген атпен шығады. 1910 жылы Оңтүстік Америкаға келіп, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жарыста   Америка чемпионы атанады. Дәл сол уақытта түріктерден артық күресетін балуандар жоқ секілді еді. Тіпті, орыстың алып денелі балуандары да ат басын түрік жеріне бұруға жүрексінетін болды. 

Кейін Мұқан поляк қызымен отау құрып, оған Бәтима деген ат береді. Патша үкіметі де құлдыраған соң, 1937 жылы «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деген сылтаудың кесірінен Мұқан қудалауға ұшырайды. Сөйтіп, Мұқан отбасын тастап, көрші жатқан Өзбекстан жеріне қаңғырып кетеді. Өмірінің соңғы сәттерін киелі Түркістан жерінде өткізеді. Талай жандардың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғыстың суық лебі орыс жеріне жақындай бергенде, Мұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевтың кабинетіне келіп, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсынысын білдіреді. Сөйтіп, екі жылдай циркте еңбек етеді.

Мұқан 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданына тиісті Ленин туы атты колхозда қайтыс болған. Мұқан атамызға арнап Темірлан ауылында  ескерткіш орнатылған. 

Сурет qazaquni.kz сайтынан алынған


22216 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 07 желтоқсан 2011, 09:29
Пікірлер
+0
20 қаңтар 2012, 14:24

осындай қазақтар тарихымызда тағы да болар ма екен?

+0
20 қаңтар 2012, 14:33

Илья Ильин бар ғой. Ұлты қазақ демесең Қазақстанның азаматы ғой )

+0
13 ақпан 2012, 18:03

Сондай ер жүрек кісі екен. Сондай болсағой қазақтың жігіттері. Қазіргі кейбір жігіттер 1 жылдық АРМИЯға баруға қорқады.........

+0
14 ақпан 2012, 10:41

Бұл кісінің кесенісі менің ауылым киелі Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде орналасқан!бір өкініштісі сол бұл кісіні жастарға үгіттеу жолға қойылмаған........

+0
21 қаңтар 2013, 21:53

Неге туылған деп қате жазады түсінбеймі.Қазақ тілін шұбарламасаңыздар деп сұраймын.

+0
21 қаңтар 2013, 21:56

Кермек, ешкім шұбарлап отырған жоқ! Аузыңызға келгенін жаза бермеңіз! "Туылған" деген сөз қате ме екен? Адам деген ойлану керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...