ATP сериясына тағы бір жарыс қосылды

ATP сериясына тағы бір жарыс қосылды

АТР-2013 додасының кестесіне жаңа турнир қосылды. Енді алдағы жылдың 19-25 мамыр аралығында АТР аясында Дюссельдорф турнирі жалауын көтереді. Бұл туралы АТР жарысының ресми сайты хабарлайды.

Сайттың мәліметіне жүгінсек, жаңа АТР турнирінің қожайындары болып бизнесмен Ион Цириак және бұрынғы теннисші Райнер Шюттлер бекітілген. Ал Дюссельдорф додасының ресми демеушісі «Pepsi» сусыны.

Айта кетейік, ертеректе дәл осы қалада осы уақытта бейресми командалық біріншілік өтетін. 2012 жылы мұнда өткен командалық әлем біріншілігінде Сербия құрамасы жеңген болатын. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: presaletickets.co.uk

У. ҚОСАНБАЙ