Ең көп табыс табатын футболшылар мен жаттықтырушылар

Ең көп табыс табатын футболшылар мен жаттықтырушылар
Фото: google.kz

Танымал "France Football" басылымы табысы ең жоғары футболшылар мен жаттықтырушылардың рейтингін жариялады. Олардың табысы жалақысы, қосымша сыйақылары мен жарнамадан түскен қаржысы бойынша есептелген.

"France Football" басылымының рейтингі бойынша 2016/2017 жылғы футбол маусымында ең көп табысқа кенелген футболшылар көшін Криштиану Роналду бастап тұр. Ол осы маусымда 87,5 миллион евроға қаржысын молайтқан.

"Барселона" сұрмергені Лионель Мессидің табысы 76,5 миллион евроны құраған. Рейтингте екінші орында тұр. Үштікке Неймар енген. Ол осы маусымда 76,5 миллион евро тауыпты.

Ең көп табысқа кенелген футболшылар бестігі:

1. Криштиану Роналду ("Реал") – 87.5 млн 
2. Лионель Месси ("Барселона") – 76.5 млн 
3. Неймар ("Барселона") – 55.5 млн 
4. Гарет Бэйл ("Реал") – 41 млн 
5. Эсекиэль Лавесси ("Хэбэй Чайна Форчун") – 28.5 млн

"France Football" басылымы ең көп табыс тапқан жаттықтырушылардың да рейтингін жариялады. Бұл тізімде "Манчестер Юнайтед" командасын жаттықтыратын маман Жозе Моуринью бірінші орында тұр. Ол осы маусымда 28 миллион евро табысқа кенелген.

Ең көп табысқа кенелген жаттықтырушылар бестігі:

1. Жозе Моуринью ("Манчестер Юнайтед") – 28 млн евро
2. Марчелло Липпи (Қытай құрамасы) – 23 млн 
3. Лоран Блан ("ПСЖ" клубының экс-жаттықтырушысы) – 20 млн 
4. Карло Анчелотти ("Бавария") – 15.8 млн 
5. Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити") – 14.5 млн

Ө. Сансызбай