Майк Тайсон: "Толқып тұрғаныңды өзің сезсең де, басқаға ешқашан көрсетуші болма"

Майк Тайсон: "Толқып тұрғаныңды өзің сезсең де, басқаға ешқашан көрсетуші болма"
Фото: http://xsport.ua

Атақты былғары қолғап шебері Майк Тайсонның есімі тарихта алтын әріптермен жазылады десек, қателеспейміз. Бокс тарихында ең танымал боксшылардың бірі саналатын оның жекпе-жектерімен қатар, өмірі де жұртшылықтың назарын ерекше аударды. Әлемге жойқын соққысымен танылған боксшыны бәрі "Темір Майк" деп атап кетті. Біз бүгін әйгілі боксшының қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынбақпыз! Атақты спортшының қанатты сөздерін оқып, жігеріңізді жаныңыз! 

***

Сәтсіздік үшін ашуланба. Барлығы құлайды. Тек біреулер тез тұрып кетеді, ал біреулер жата береді.

***

Егер адам құлап, қайта тұрса – бұл физика емес, бұл намыс.

***

Қанша биікке ұшсаң да, кіммен ұшқаныңды ұмытпа!

***

Үрей – сенің ең жақын досың әрі ең қауіпті жауың. Ол от сияқты. Отты басқара алсаң, ол саған көмектеседі. Егер оны бағындыра алмасаң, ол айналасының барлығын жалмап, ақырында өзіңді жағып жібереді. 

***

Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам екінші рет оны міндетті түрде қайталайды.

***

Сатқындығы үшiн бip peт кешipiлген адам сенi тағыда сатып кетедi!

***

Қорқып немесе толқып тұрғаныңды өзің сезсең де, басқаға ешқашан көрсетуші болма!

***

Биіктерге көтерілсең – достарың сенің кім екеніңді көреді. Ал, сол биіктен құласаң – сен достарыңның кім екенін көресің...

***

Ұлылыққа ұмтылу – дүниедегі ең күшті есірткі.

***

Нағыз еркіндік – еш байлығың болмағандағы еркіндік. Мен қалтамда бір цент болмаған кезде қазіргіден әлдеқайда еркін болатынмын.

Ж. Жұмағұлов