Ерлер футбол командасының бас бапкері болып әйел азамат тағайындалды

Ерлер футбол командасының бас бапкері болып әйел азамат тағайындалды

Хорватияда ерлер футбол командасының бас бапкерлік қызметіне әйел адамды тағайындады. Metro басылымының хабарлауынша, 24 жасар модель және ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Тиана Немчич бесінші дивизионда өнер көрсететін ұжымды жаттықтыратын болады.

«Егер әйел мен ер адамның бапкерлік дәрежесі бірдей болса, әйел адамдардың да ерлер командасын жаттықтыра беруіне болады деп ойлаймын», - дейді Немчич. Жаңа бапкердің сөзіне қарағанда, командасындағы ойыншылар толығымен айтқанын тыңдап, ешқандай проблема тудырмайды екен.

Немчич спортшы ғұмырында загребтік «Динамо» сапында ойнаған. Сонымен қатар 2008 жылы Croatia’s Miss Sport сән байқауының ақтық кезеңіне дейін жеткен. 

Дайындағын: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:vesti.kz

У. ҚОСАНБАЙ