Винокуров велосипедін 243 мың долларға сатты

Винокуров велосипедін 243 мың долларға сатты

Отызыншы олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуров аукцион арқылы өзінің «сәтті» велосипедін бағасын бес рет өсіре отырып 243 мың долларға сатып жіберді, деп хабарлайды «Астана» велокомандасының жеке сайты.

 

16 қыркүйек, өз туған күнінде Александр Винокуров олимпиада ойындарында сәттілік әкелген велосипедін 50 000 доллар бағамен аукционға шығарды. Ақырында, Specialized маркалы велосипед бес рет жоғарғы баға көрсеткішімен 243 мың долларға сатылған. Сонымен қатар, 10 мың долларға жеңімпаздың Лондондағы жеңісіне куә болған жеке спорт киімі сатылды.

Аукцион жеңімпаздың туған күніне арнайы орайластырылған екен. Отыз тоғыз жасқа келген олимпиада жүлдегері ойындарда сәтті өнер көрсеткен спорт киімі мен велосипедін сату арқылы да зор қаржыны иеленіп отыр. Бірақ қалтасына келіп түскен бұл қаражаттардың бәрін өз мүддесіне пайдаланбайтыны белгілі болды. Аукционнан келіп түсен ақшаның арнасы қайырымдылық қорларына келіп құйылмақ екен. Анығырақ айтқанда, жеңімпаздың қалтасын қалыңдатқан қаражат ауыр дертке ұшыраған балалардың еміне жұмсалмақ.

Ел мәртебесін биік еткен жеңісінің дәлелі болған велосипедін сату арқылы тағы да елге игі іс жасамақ боп жүрген ниетіне рахмет айтып, Александр Винокуровты отыз тоғызыншы күзімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: bnews.kz, astanafans.com, info-tses.kz

А. Әбілхан