4000 рет отжимание жасаған жеті жасар Андрей ұлттық рекорд орнатты

4000 рет отжимание жасаған жеті жасар Андрей ұлттық рекорд орнатты

Киев қаласының жеті жасар тұрғыны Андрей Косташ отжиманиеден ұлттық рекорд орнатты. Екі жарым сағатта Андрей бірінші мүмкіндігінде төрт мың рет отжимание жасаған.

Бұдан кейін ұлттық рекодтар реестрінің сарапшысы Андрейді рекордтың оның еншісіне жазылғанын куәландыратын дипломмен марапаттады.

Рекордшының өзіне келер болсақ, ол жаңа рекорд орнатқаннан кейін аздап шаршағанын және ашығып қалғанын айтты.

Сонымен қатар, оқушының өнерін тамашалауға келген журналистер мен рекордтар реестрінің өкілдеріне Андрей бұнымен тоқтап қалмай, болашақта көптеген жаңа рекордтар орнатуға уәде берді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM