Пеле барлық марапатын 4,4 миллион еуроға сатты

Пеле барлық марапатын 4,4 миллион еуроға сатты
Фото: yerkirmedia.am

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік ойыншысы бразилиялық Пеле аукционда марапаттарын 4,4 миллион еуроға сатты. Бұл туралы Sky News хабарлады.

Шара 7 және 9 маусым аралығында Лондонда өтті. Футбол королі өзінің медальдарын, кубоктарын, жеке сыйлықтарын - барлығы екі мыңға жуық затты саудаға қойды. Ең қымбаты бразилиялыққа арнап дайындаған Жюль Риме кубогінің көшірмесі болды. Швейцариялық сағаттар компаниясының бірі жәдігерді 500 мың еуроға сатып алды. 1974 жылға дейін марапат әлем чемпионатында жеңіске жеткен командаға берілген.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы