Уланов Риода үлкен үміт күттіретін спортшы – Ильин

Уланов Риода үлкен үміт күттіретін спортшы – Ильин
Фото: vesti.kz

Қазақстандық ауыр атлет, танымал спортшы Илья Ильин бүгін 85 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған Денис Улановты жарқын жеңісімен құттықтады. Құттықтай отырып, 23 жастағы спортшыны өз салмағында Рио Олимпиадасында үлкен үміт күттіретін спортшы ретінде бағалады. Бұл туралы Илья «instagram» желісіндегі парақшасында жазды.

- Азия чемпионы құтты болсын!!! Жарайсың Денис бауырым! Денис Улановты Азия чемпионы атануымен құттықтаймын. Ол 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 85 келіге дейінгі салмақта үлкен үміт күттіретін спортшы,- деп жазды Илья Ильин.

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатына Денис Уланов пен Владимир Седов аттанған болатын. 94 келіге дейінгі салмақта Владимир ертең жарыс жолына шығады.

Ө. Сансызбай