Месси 500-голын соға алмай жүр

Месси 500-голын соға алмай жүр
Фото: vk.com

Каталондық «Барселонаның» үздік сұрмергені Лионель Месси спорттық мансабындағы 500-голын соға алмай жүр. Ойыншының бұл антирекорды бес ойынға созылып отыр.

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Атлетикоға» қарсы өткен қарымта ойында да аргентиналық шабуылшы гол соға алмады. Тіпті, қарсыластар қақпасына дәл қауіпті соққы бағыттай да алмаған.  

Месси соңғы рет осыдан 6 жыл бұрын 5 ойын қатарынан гол соқпаған кезеңді басынан өткерген. Одан кейінгі аралықта аргентиналық ойыншы бұл антирекордын қайталаған емес еді.

«Барселона» келесі ойынын Испания ла лигасы аясында «Валенсияға» қарсы өткізеді. Ойын 18 сәуір күні «Камп Ноуда» өтеді. Бәлкім, Месси сол ойында 500-голын соғып қалар...

Ө. Сансызбай