Месси спорттық мансабындағы 500-голын соқты (видео)

Месси спорттық мансабындағы 500-голын соқты (видео)
Фото: vk.com

Әйгілі аргентиналық сұрмерген Лионель Месси спорттық мансабындағы 500-голын соқты. Испания кубогының жартылай финалында каталондық клубтың шабуылшысы «Валенсия» қақпасын үш рет дәл нысанаға алды.

Лионель Мессидің «Валенсия» клубының қақпасына соққан екінші голы спорттық мансабындағы 500-голы болып жазылды. «Камп Ноудағы» ойында 7:0 есебі тіркелді. Мессиден өзге Луис Суарес покер авторы атанды.

Аргентиналық футболшы спорттық мансабындағы 436 голды «Барселона» сапында жүріп соққан. Ұлттық құрама қатарында жүріп 49 гол соқса, жастар құрамасында (U-23) жүргенде 2 гол соққан. Сондай-ақ 20 жасқа дейінгі Аргентина жастар құрамасы сапында 14 голдың авторы атанған.

Ө. Сансызбай