Әлем чемпионы Елдос Сметов шаңырақ көтерді

 Әлем чемпионы Елдос Сметов шаңырақ көтерді
Фото: fdk.kz

2015 жылы дзюдодан Астанада өткен әлем чемпионатында Қазақстанның Туын биікке көтеріп, Әнұранын шарықтатқан отандасымыз Елдос Сметов шаңырақ көтерді. Бұл туралы дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап, құттықтады.

Қазақтың мақтанышы, әлем чемпионы Елдос Сметов пен оның сүйіктісі - Мөлдір шаңырақ құрды. Жас отбасын қуаныштарымен құттықтаймыз және жанұяларына бақыт, береке тілейміз, - деген құттықтауда.

Massaget.kz сайты да еліміздің абыройын асырып жүрген спортшымызға отбасылық өмірде бақыт тілейді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасында жеңістің биік тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Ө. Сансызбай