«Милан» ең жас қақпашыны негізгі құрамда ойнатты (видео)

«Милан» ең жас қақпашыны негізгі құрамда ойнатты (видео)
Фото: sports.ru

Италияның «Милан» футбол клубы 16 жастағы Джанлуиджи Доннарумманы негізгі құрамда алаңға шығарды. 

Миландық клубтың негізгі қақпашысы Диего Лопес болатын. Алайда бас бапкер Синиша Михайлович бұрынғы «Реал» қақпашысының ойынына сенімін жоғалтқан. Бұл туралы италиялық басылымдар осыған дейін жарыса жазған-ды. Нәтижесінде кеше «Сассуолоға» қарсы ойынға 16 жастағы Джанлуиджи Доннарумма шықты.

Джанлуиджи Доннарумма «А» сериясында өнер көрсеткен ең жас қақпашы атанды. Ойын кезінде оның жас мөлшері 16 жас 242 күн болған. Ал «Милан» сапында негізгі құрамда алаңға шыққан ең жас ойыншылар тізімінде екінші орынға шықты. Италиялық ұжымның негізгі құрамында 1937 жылы Амадео Амадей есімді футболшы 15 жасында ойнаған.

«А» сериясындағы ең жас қақпашы өнер көрсеткен ойында «Милан» қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді.

Ө. Сансызбай