Месси Еуропаның ең үздік ойыншысы атанды

Месси Еуропаның ең үздік ойыншысы атанды
Фото: heraldscotland.com

2014/2015 жылғы маусымдағы Еуропаның ең ойыншысы атағын Лионель Месси иеленді. Үздік ойыншы УЕФА құрамына кіретін тілшілердің дауыс беруі нәтижесінде анықталды.

Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық «Барселонаның» ең үздік ойыншысы Криштиану Роналду («Реал Мадрид») мен командаласы Луис Суаресті айтарлықтай жоғары дауыспен жеңіп шықты. Дауыс берген 54 тілшінің 49-ы Мессиді үздік деп таныған. Луис Суарес – 3, Криштиану Роналду 2 дауыс қана жинаған. Нәтижесінде аргентиналық сұрмерген Еуропаның ең үздік ойыншысы атағын екі рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды.

Лионель Месси УЕФА нұсқасы бойынша өткен маусымдағы ең үздік голдың авторы да атанды. Чемпиондар лигасы аясындағы «Бавария» қақпасына соққан голы ең көп дауысқа (39 %) ие болған. Екінші үздік гол нәтижесін Криштиану Роналду иеленді. Оның «Ливерпуль» қақпасына соққан голын УЕФА сайты оқырмандарының 24 %-ы үздік деп таныған. Үштікті Аарон Рэмсидің («Арсенал») «Галатасарай» қақпасына соққан голы қорытындылады.

Айта кетейік, Еуропаның үздік футболшысы жүлдесі 2011 жылдан УЕФА президенті Мишель Платини мен еуропалық спорт басылымдары қауымдастығы (ESM) келісімі бойынша ұйымдастырылып келеді. Сол жылы бұл атақты Лионель Месси иеленсе, 2012 жылы оның командаласы Андреас Иньеста жеңіп алған-ды. 2013 жылы бұл биіктен француз Франк Рибери көрінсе, өткен жылы Криштиану Роналду жеңіп алған болатын. 

Ө. Сансызбай