Неймар өз еліндегі Олимпиадаға қатысуды армандайды

Неймар өз еліндегі Олимпиадаға қатысуды армандайды
Фото: futbol-com.ucoz.ru

Каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Неймар 2016 жылы өз елінде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр екен. Бұл туралы клуб басшылығына ескертіп те қойыпты.

- Мен келер жылы Олимпиада ойындарына қатысатыным туралы клуб басшылығына ескертіп қойдым. Бразилияда ойнағанды жақсы көремін. Ұлттық құрамамен барлық ірі жарыстарда жеңімпаз атанғым келеді. Рио-де-Жанейрода алтын медаль иеленіп, отандастарымды қуанту - басты мақсатым, - деді Неймар goal.com сайтына берген сұхбатында.

Неймар Бразилия олимпиадалық құрамасымен 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Финалға дейін жеткен бразилиялықтар шешуші ойында Мексика құрамасына есе жіберіп алған еді. 

Неймардың жаңа шаш үлгісі

Олимпиада ойындарындағы футбол ережеге сәйкес, құрама сапына 23 жастан асқан үш ойыншыны қосуға болады.

Ө. Сансызбай