Роналду мен Мессидің Испания чемпионатында соққан голдары (видео)

Роналду мен Мессидің Испания чемпионатында соққан голдары (видео)
Фото: foxsports.com

Футболдан 2014/2015 жылғы маусымдағы Испания чемпионаты да аяқталды. Каталондық «Барселона» чемпион атанса, мадридтік «Реал» екінші орын алған болатын. Ал үздік сұрмергендер көшінде Криштиану Роналду Лионель Мессиден 5 гол артық соқты.

«Корольдік клубтың» көшбасшысына айналған Криштиану Роналду бұл маусымдағы Испания біріншілігінде 35 ойынға қатысып, 48 гол соққан. Әр ойынға шаққанда 1,37 гол нәтижесіне сәйкес келеді. Шабуылшы осы маусымда өзінің жеке рекордын да жаңартты. Ол 2011/2012 жылғы маусымда 46 гол соққан болатын. Ал аргентиналық сұрмерген Лионель Месси биыл Испания чемпионатындағы барлық кездесуге қатысып, 43 гол соққан. Назарларыңызға әлемнің екі үздік ойыншысының осы маусымда соққан голдарын ұсынамыз.  

Ө. Сансызбай