Жәнібек Әлімханұлы әйгілі америкалық «CNN» арнасының түсіріліміне қатысты

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі америкалық «CNN» арнасының түсіріліміне қатысты

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Astana Arlans» клубының белді боксшыларының бірі Жәнібек Әлімханұлы әйгілі америкалық «CNN» арнасының түсіріліміне қатысты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Америкалық тілшілер Қазақстанға арнайы ат басын бұрыпты. Олар 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге үміткер қала Алматыдан арнайы бағдарлама дайындауды қолға алған. «CNN» арнасының арнайы бағдарламасы түсіріліміне боксшы Жәнібек Әлімханұлы қатысқан. Ол еліміздегі спорттың дамуы мен бокс туралы өз ойын білдіріпті. Сонымен қатар, 2022 жылғы қысқы Олимпиада Алматыда өтетініне үмітпен қарайтынын жеткізген.

- Қазақстан – талай Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған спорты жоғарғы деңгейдегі елдердің бірі. Елбасы мен мемлекет басшылары спорттың қарқынды дамуына бар жағдайды жасап келеді. Ал мен өз кезегімде осы жылы Катарда өтетін әлем чемпионаты мен 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада жанкүйерлер үмітін ақтау үшін барымды салатын боламын, - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы Халықаралық Олимпиада комитеті 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзияның Куала-Лампур қаласында өтетін 127-ші отырысында мәлімдейтін болады. Алматыдан өзге екінші үміткер қала – Пекин (Қытай).  

Ұқсас жазба:

Жәнібек Әлімханұлы: "Бокссыз өмірімді елестете алмаймын"

Жәнібек Әлімханұлы студенттермен өткен кездесуде ән шырқады (видео)

Сурет: kfb.kz

О. Сансызбай