Мэнни Пакьяо өз әніне бейнебаян түсірді (видео)

Мэнни Пакьяо өз әніне бейнебаян түсірді (видео)

Филиппиндік танымал боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезермен кездесу алдында ән айтып, бейнебаян түсірді. Оның бұл әні 2 мамыр күні өзі рингке көтерілер алдында қойылатын болады.

Мэнни Пакьяо орындаған әні арқылы кездесу алдында өзін рухтандырмақ. Бейнебаянда да Филиппин еліндегі халықтың тыныс-тіршілігі таныстырылған. Әннің аты «Lalaban Ako Para Sa Filipino» деп аталады екен. Яғни, қазақ тіліне аударғанда "мен Филиппин елі үшін жұдырықтасамын" деген мағына береді.

Флойд Мейвезер WBA тұжырымы бойынша суперчемпион болса, WBC тұжырымы бойынша да чемпиондық атақ иегері, ал Мэнни Пакьяоның WBO жүйесі бойынша чемпиондық атағы бар. Америкалық боксшы кәсіпқой бокста 47 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ал Мэнни Па­кьяо кәсіпқой рингте 64 кездесу өт­­кізіп, 57 рет жеңіске жеткен. 38 қар­­сыласын есінен тандырса, 5 рет ұтылып, 1 жекпе-жегінде тең түскен.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 2 мамырға белгіленген. Лас-Вегастағы «MGM Grand» аренасында өтетін болады.  

Cурет: eurosport.ru

О. Сансызбай