Роналду қай клубтың қақпасына ең көп гол соққан?

Роналду қай клубтың қақпасына ең көп гол соққан?

2014 жылғы «Алтын доптың» иегері, танымал португалдық футболшы Криштиану Роналду жақында «Гранадамен» өткен ойындап, спорттық мансабында алғаш рет бір ойында 5 гол соққан еді. Бүгін біз сіздерге «Реал» көшбасшысының қай клубтардың қақпасына ең көп гол соққаны туралы айтатын боламыз.

Криштиану Роналду спорттық мансабында осы күнге дейін 408 гол соғыпты. Оның көп бөлігін «корольдік клуб» сапында жүріп еншісіне жазған. Ең көп голдарын да испан клубтарының қақпасына соққан. 300-ден астам голын ресми кездесулерде орындаған. Барлығы 82 клубтың қақпасының торын тулатқан. Оның ішінде ең көп гол соққан клубы - «Севилья». Роналду Севилья қаласы клубының қақпасын 18 рет дәл нысанаға алған. Одан кейінгі орындарға «Барселона», «Атлетико Мадрид» және «Хетафе» орналасқан. Шабуылшы бұл клубтардың қақпасына 15 голдан соққан. 

Сурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай