Геннадий Головкин Мэнни Пакьяоға сәттілік тіледі

Геннадий Головкин Мэнни Пакьяоға сәттілік тіледі

Орта салмақта WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкиннің «Wild Card Boxing Gym» жаттығу базасында болып, филиппиндік Мэнни Пакьяоның дайындығын тамашалады. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы филиппиндікке алдағы жекпе-жекте жеңіске жетуіне сәттілік тіледі.

Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы «ғасыр жекпе-жегіне» теңелген жұдырықтасу 2 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Қазір барлық БАҚ өкілдері түрлі әңгімелер өрбітіп, бұл жекпе-жекке деген көпшіліктің қызығушылығын арттыруда. Мәселен, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман осы бәсекеде жеңіске жеткен спортшыға құнды тастармен көмкерілген ерекше белбеу табыс етілетіні жайында жариялады. Екі боксшы да жұдырықтасқаны үшін қомақты қаржы алатын болады.

Айта кетейік, кәсіпқой бокста еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Геннадий Головкин 16 мамырда Калифорния штатындағы 17 мың көрермен еркін сиятын «The Forum» кешенінде америкалық боксшы кіші Вилли Монромен жолығады.  

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Геннадий Головкин жұдырықтасқысы келетін 5 боксшы

Головкин мен Монро ресми баспасөз жиынын өткізді (видео)

Вилли Монро: «Головкин қорғануды білмейді»

GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді

Ө. Сансызбай