Ерлан Тілеуімбетовтың жойқын соққысы (видео)

Ерлан Тілеуімбетовтың жойқын соққысы (видео)

Жақында Қапшағайда ММА спорты түрінен халықаралық «RPAP Vol.2» атты ірі турнирөткен болатын. Сол додада 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ерлан Тілеуімбетовтың өнері ел көңілінен шықты.

Ерлан Тілеуімбетов спорттық мансабын 1996 жылы бастаған. Жас баланың спортқа деген құштарлығын оятқан - әкесі әрі бапкері Қанат Тілеуімбетов еді. Ерланның ағасы Нұрлан Тілеуімбетов та әлемдік аренада ел абыройын асқақтатып жүрген спортшы.

Бұл күндері «Арыстан» деген лақап атпен жекпе-жек өткізіп жүрген Ерлан Тілеуімбетовты джиу-джитсу спортынан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Ол Германияның Ханау қаласында, және грек елінің астанасы Афиныда өткен әлем чемпионаттарында топ жарған. 2011 жылы Қытайдың Бейжің қаласындағы шығыс жекпе-жегі түрлерінен өткен дүниежүзілік ойындарда (WMAG) алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, «Арыстан» деген лақап атпен өнер көрсететін Ерлан Тілеуімбетов Қапшағайда тәжікстандық қарсыласы Абдулла Асламовты аяғының жойқын соққысымен есінен тандырған-ды. Отандасымыздың қарсыласы да осал болмағанмен, Ерланның әдісі мен айласы, тәжірибесі тәжік спортшысына еш мүмкіндік берген жоқ.

 Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай