Геннадий Головкин: "Реал Мадридтің жанкүйерімін"

Геннадий Головкин: "Реал Мадридтің жанкүйерімін"

Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин жанкүйерлерінің өтініші бойынша BehindTheGloves.com сайтына сұқбат берді. Massaget.kz сұқбаттың қазақша нұсқасын ұсынады.

BehindTheGloves: Сіздің сүйікті тағамыңыз қандай?

Головкин: Мен көбіне етті тағамдарды қош көремін. Барлық астың құрамында еттің болуы мен үшін өте маңызды.

BehindTheGloves: Демек мексикалық тағамдар ұнайды деңіз. Ал соңғы кездері үнемі тыңдайтын сүйікті әніңіз бар ма?

Головкин: Мен сан түрлі музыканы тыңдауға үйренгенмін. Ал негізі маған көбіне Майкл Джексонның әндері жақын.

BehindTheGloves: Сіз үшін бокc тарихындағы ең үздік боксшы кім?

Головкин: Мұны дөп басып айту қиын, әрине. Алайда мен үшін ең үздік боксшы - Шугар Робинсон.

BehindTheGloves: Өзіңіз қызыға қарайтын фильмдерден сүйікті актер немесе актрисаңыз бар ма?

Головкин: Джордж Клуни мен Дензел Вашингтонның фильмдерін қалдырмай көремін.

BehindTheGloves: Көбіне қай елдерге саяхаттауды ұнатасыз?

Головкин: Демалыс кезінде маған аралдарда болған ұнайды. Тынық мұхитындағы тропиктік аралдар нағыз демалыс орындары. Мысалы, Таитидің солтүстік-батысында орналасқан Бора Бора аралы. Француздар мекені.

BehindTheGloves: Жақсы екен. Ал АҚШ-та қай жерде тұрақтаған сіз үшін қолайлы? Өзіңіз ұнатқан белгілі бір штат бар ма?

Головкин: Менің спорттық мансабым мен жанұямның өмірі үшін Калифорния штаты өте қолайлы. Бүгінде осы штатта өмір сүрудемін.

BehindTheGloves: Ең сүйікті фильміңіз қандай?

Головкин: "Бетінде таңба қалған" (Scarface) фильмі мен үшін ең қызықты кинокартиналардың бірі.

BehindTheGloves: Анджелина Джоли ме әлде Дженнифер Энистон ба?

Головкин: Екеуі де (күліп).

BehindTheGloves: Қай футбол клубының жанкүйерісіз?

Головкин: Маған испандық "Реал Мадридтің" ойыны ұнайды.

BehindTheGloves: Сізді бақытты ететін не?

Головкин: Әрине, өз жанұяммен бірге болу сәті мені қуанышқа бөлейді. Жанұямның қасында өткізген уақытым менің бақытты сәттерім.

BehindTheGloves: Сұқбатыңызға рақмет!

Сурет: vesti.kz

Оқи отырыңыз:

Головкин "2014 жылдың үздік боксшысы" атағына үміткер атанды

Головкин кімдермен жұдырықтасқысы келеді?

Головкин Астана мен Алматыға ат басын бұрады

Ж. Өрісбай