Месси Аргентинаның үздік футболшысы атана алмады

Месси Аргентинаның үздік футболшысы атана алмады

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасында өнер көрсететін Анхель Ди Мария Аргентинаның өзге ел чемпионатында өнер көрсететін ең үздік футболшысы атанды. Осыған дейін бұл атақты жеті жыл қатарынан Лионель Месси иеленіп келген еді.

Анхель Ди Мария өз еліндегі 2014 жылдың үздік футболшысы ретінде «Күміс Олимпия» сыйлығымен марапатталды. Ал елдің ішкі біріншілігінде ойнайтын футболшылар арасында «Велес Сарсфилд» шабуылшысы Лукас Пратто үздік болып танылды. Жылдағы дәстүр бойынша, үздіктер елдің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері арасында дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады.  

Естеріңізге сала кетсек, Анхель Ди Мария өткен маусымда мадридтік «Реалмен» Чемпиондар лигасын жеңіп алса, Аргентина ұлттық құрамасының әлем чемпионатының финалына шығуына жағдай жасаған еді. Сонымен қатар, жаңа маусымда ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» ауысып, 11 ойыннан 3 гол соқты. 

Сурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай