659 миллион жанкүйер кімдікі?

659 миллион жанкүйер кімдікі?

Алекс Фергюсон мырзаның командасы Премьер-лигада екінші орын алып қалып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен өте алмаса да, бәрібір әлемдегі ең танымал команда боп қала берді.

Бұны маркетингтік зерттеудің өзі растап отыр. Бүгінгі таңда "қызыл айдаһарлардың" әлем бойынша 659 миллионға жуық жанкүйері бар. Бірақ, бір қызығы, оның 1 пайызы ғана Ұлыбритания жұртшылығына тиесілі. Ал ең көп жақтаушылары Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аумағында өмір сүріп жатыр (325 миллион). Таяу Шығыс пен Африкада 173  миллионға жуық жанкүйері бар. Үшінші орынды Қытай иеленді (108 миллион).

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига