Елдегі үздік комментаторды бірге таңдайық (Онлайн дауыс беру)

Елдегі үздік комментаторды бірге таңдайық (Онлайн дауыс беру)

Бүгін халықаралық спорт журналистері күні. Осыған байланысты сайтымызда сауалнама жүргізіп, елдің ықыласына ең көп бөленіп жүрген комментаторды анықтауды ұйғардық.

Сайтымызда нәтиже бойынша үздік атанған журналист туралы алдағы уақытта толық ақпарат жарияланатын болады. Олай болса, дауыс берейік.

                         

ЕСЕЙ ЖЕҢІСҰЛЫ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «Айқын» газеті

Тәжірибелі әмбебап комментатор

 

ЕРЖАН КӨШКІНБАЙ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «Қазақстан» ұлттық арнасы

Футбол, бильярд, волейбол, хоккей спорт түрлерін жүргізумен айналысады.

 

ЖАНДОС АЙТБАЙҰЛЫ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «Хабар» телеарнасы

Бейжің, Ванкувер Олимпиадалары, қысқы Азия ойындарын жүргізген.

 

ЕРМҰХАМЕД МӘУЛЕН — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «ҚазСпорт» телеарнасы

Көбіне футбол матчтарын жүрігізеді. Қазіргі кезде Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы кездесулерді жүргізуде. Aladop.kz сайтының бас редакторы.

 

ҒАЛЫМ СҮЛЕЙМЕН — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Көбіне бокс, күрестің барлық түрлерін, ауыр атлетика және жекпе-жекті жүргізеді.

 

РАУАН ОҚАС — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Комментатор болып жүргеніне 6 жылдың төңірегі болған. Жүргізетін негізгі спорт түрлері – футбол, бокс, ережесіз жекпе-жек.

 

ШАЛҚАР ЕСЕН — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Қысқы Азияда ойындары мен Сочиде өткен қысқы Олимпиадада комментатор болған. Жалпы футбол және воллейболды да жүргізеді.

 

УАЛИХАН ҚОСАНБАЙ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Алаш айнасы сайтының спорт журналисі

Футбол, теннис, бокс, воллейбол, гольф секілді спорт түрлерін жүргізеді. Сочи Олимпиадасында да комментатор болған.

 

САМАТ ҚАНАҒАТОВ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «Астана» телеарнасы

Негізгі жүргізетін спорт түрлері – хоккей, бокс, аралас жекпе-жек. Футболдан универсиада және ел біріншілігін жүргізген.

ИНДИРА БЕКТЕНОВА — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Көркем гимнастиканы жүргізеді.

 

АМАНГЕЛДІ СЕЙІТХАН — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «Хабар» телеарнасы

Спорт жарыстарында комментатор болып жүргеніне 21 жылдан асқан. Әмбебап спорт комментаторы.

 

ЕРМЕК ТӨРЕНИЯЗОВ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «ҚазСпорт» телеарнасы

Сочи Олимпиадасында спорт жарыстарын жүргізген. Көбіне футбол матчтарын жүргізеді.

 

НҰРЖАН ЕРКІНҰЛЫ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «КТК» телеарнасы

Сочи Олимпиадасында Спорттық жарыстарды жүргізген. Негізінен футболдық кездесулерді алып барады.

 

РУСЛАН БАҚЫТЖАН — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «КазСпорт» телеарнасы

Әмбебап спорт комментаторы.

 

ЖАНДОС БӘЙДІЛДӘ — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Жұмыс орны – «КазСпорт» телеарнасы

Негізінен, бокстағы жекпе-жектерді жүргізеді.

 

ДАНИЯР КӘРІМЖАН — СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ

Ережесіз жекпе-жекті жүргізеді.

Сауалнамадағы қазақша әріптерді Mozilla браузері оқымайды

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

сурет: alaman.kz

Ж. Өрісбай