Лионель Мессидің жетістікке жету тарихы

Лионель Мессидің жетістікке жету тарихы

Бүгін төрт дүркін алтын доптың иегері, Аргентина футбол құрамасының капитаны және "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің туған күні. Лионельдің қарапайым жанұядан шығып, осындай жетістікке жетуіне үздіксіз еткен еңбегі мен дарыны арқау болған. Мессидің табыс пен атаққа жету жолы сонысымен ерекше. Ал аргентиналық Леоның өмірдерегінде құрметке лайық екінші факті оның табиғи дертінде болатын. Қалай жасөспірім жігіт тағдырды жеңіп, даңқы асты? Осы секілді сұрақтарға жауап беру үшін Лионель Мессимен жақынырақ танысайық.

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Әйгілі футболшы  Лионель Андрес Месси 1987 жылдың 24 маусымында дүние есігін ашады. Әкесі Хорхе Месси зауытта қызметкер, ал анасы Силия Месси көше сыпырушы болған қарапайым аргентиналық жанұяда өсіп өнеді. Мессилер жанұясында Леодан өзге екі ұл (Родриго мен Матиас) және бір қыз (Мария) болады.  

Егер Лионель Мессидің әкесі «Грандолини» деген әуесқой футбол командасының жаттығу жұмыстарымен айналыспағанда, оның өмір жолы басқа салаға бұрылып кетуі де мүмкін еді. Дәл осы кезеңде Мессидің үлкен футболға қызығушылығы арта бастайды. Дегенмен, Мессидің тағдыры оған тосын сый дайындап қойған еді. Оның гормонды балансының тұрақсыздануы, бойының өспей қалуына әкеп соғады. Мессиді емдеуге қымбат бағалы дәрі-дәрмек қажет болады. Әкесі қомақты қаржыны табу үшін Барселонаға барып, клубқа баласын алуды, сонсоң емделуіне қаржылай көмек көрсетуді сұрайды. Барселонаның басшылары онымен келісіп, бар қолдауды көрсетеді.

Осылайша болашақ әлемнің ең үздік футболшысы Лионель Андрес Месси 2000 жылдың 30 қазан күні Барселона сабына енеді. Лео жасөспірімдер құрамында өткізген алғашқы кездесуінде бес гол салып, үздік нәтиже көрсетеді.

Лионель Мессидің негізгі құрамдағы дебюті 2003 жылдың 17 қарашасында Портуға қарсы ойында болады. Еуропаның барлық БАҚ өкілдері жаңа жұлдыздың пайда болғанын жаза бастайды. Нақтылай кетсек, El Mundo газетінде оның сол аяғы Марадонаның аяғымен салыстырылса, жылдамдығы мен өнер көрсету стилі әйгілі Кройф пен Роналдиньоға теңестірілді. Ал Месси клубтың шабуылшысы ретінде алғаш рет 2004 жылдың 16 қазан күнінде Барселонаның Эспаньолаға қарсы ойынында шығады. Кәмелетке толмас бұрын Лео Испания біріншілігінде "ең үздік жас шабуылшы" атағын иемденеді.

КӘСІБИ ФУТБОЛШЫНЫҢ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУІ

Ол төрт рет Испания чемпионы атанады. Ал 2006 және 2009 жылдары Лео Месси Чемпиондар лигасының жеңімпазы болады. World Soccer сараптамасы бойынша Лионель Месси 2006, 2007 және 2008 жылдары Еуропаның ең үздік жас футболшысы титулын иемденеді.

Басты жетістіктері:

- Испания кубогі (2009 жыл)

- Испанияның суперкубогі (2005, 2006 және 2009 жылдары)

- УЕФА суперкубогі (2009 жыл)

- Алтын доп (2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары)

- Алтын бутсы (2009 және 2010 жылдары)

Ал Месси 2005 жылы юниорлар арасында әлем чемпиондығына жетсе, 2008 жылға келіп, Олимпиада чемпионы атанады.

ФУТБОЛШЫНЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІ

Лионель Месси өзінің жеке өмірі туралы көпке айта бергісі келмейді. Мысалы, газеттер Лео мен оның жерлесі Макарена Лемоспен қарым-қатынаста жүргенін жазады. Бірақ бұл жергілікті БАҚ өкілдерінің қауесеті ғана болатын.

Жанкүйерлері оны тағы да аргентиналық модель Лусиана Саласармен газет беттерінде көре бастайды. Дегенмен, Месси ешбір тілшіге өзінің жеке өмірі жайлы тіс жармайды.

Тек бір рет, 33 телеарнада таратылған Hat Trick Barca бағдарламасына берген сұқбатында: "Менің керемет дос қызым бар. Менің ойымша онымен бақытты ғұмырым өтіп жатыр", - дейді Месси.

ЖАРНАМА БЕТТЕРІНЕ ТҮСУІ

Месси өзге футболшылар секілді жарнамаға көп түсе бермейді. Ол Фернандо Торреспен бірге Pro Evolution Soccer 2009 және Pro Evolution Soccer 2011 видеоойындарының негізгі бетінде жарияланған. Одан басқа, Adidas, Storkman, A-Style, Mirage, el Banco Sabadell, YPF, MasterCard, Garbaino, Xbox, McDonald’s, Danone, Pepsi, Movistar компанияларының жарнамаларына түскен.

Сондай-ақ, Месси ЮНИСЕФ-тің еріктілер қатарындағы халықаралық елшісі болып табылады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:lichnosti.net

Ж. Өрісбай