Әйгілі баскетболшы Шакил О'Нил "Ғылым докторы" атанды

Әйгілі баскетболшы Шакил О'Нил "Ғылым докторы" атанды
Фото: vk.com

Ұлттық баскетбол ассоциациясының жұлдызы Шакио О'Нил "Ғылым доктор атанды. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" сайты хабарлап отыр.

Лиганың төрт дүркін чемпионы Шакил корпоративтік оқыту және персоналды басқару саласында ғылыми жұмыс жасап, зерттеуін сәтті қорғап шықты. Өткен сенбі күні, яғни, 5 мамырда оған Майамиде (Флорида штаты) орналасқан Барри университетінің дипломы тарту етілді.

Атақты баскетболшы ғылыми жұмысында персоналды басқарудағы әзіл-қалжыңның рөлін барынша ашып көрсетуге тырысыпты. Сонымен қатар, қалжыңның жұмыс қарқынын қаншалықты жоғарылататындығын зерттеп табуға тырысқан екен.

Журналистерге берген сұхбатында Шакил алған атағына өте қуанышты екендігін айтып, ағынан жарылыпты. Сонымен қатар, АҚШ-та әрбір төртінші адам толық білім алу курсынан өтпейтіндігін айта отырып, өзгелерге үлгі болғысы келетіндігін айтып өтті.