Роналду туралы 10 үздік пікір

Роналду туралы 10 үздік пікір

Өткен сәрсенбіде Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік ойыншысы Криштиану Роналдудың туған күні болып өтті. Өзінің әдемі ойын өрнегімен талайдың сүйіктісіне айналған футболшы 2013 жылғы «Алтын допты» қанжығасына байлағаны белгілі. Роналду туралы жақсы пікірлер жиі айтылады. Соның ішінен маңызды деген он үздік пікірді назарларыңызға ұсынамыз.

«Роналду – өзге әлемнен келген футболшы. Оның таланттылығына сипаттама беру үшін сөз табу өте қиын».

Карло Анчелотти

 

«Роналдумен жұмыс жасау менің бапкерлік ғұмырымдағы ең бір жарқын сәттер болды».

Жозе Моуринью

«Роналду әлемдегі ең үздік футболшы... Ол бәрінен алда».

Алекс Фергюсон

«Егер шынымды айтсам Криштиануды дәл қазір «МЮ»-ден көргім келеді».

Уэйн Руни

«Ол техникалық, физикалық тұрғыдан да мықты ойыншы. Бір сөзбен айтқанда оның бойынан бәрінде табуға болады».

Руд ван Нистелрой


«Криштиану – ұлы футболшы. Ол футболшыға тән барлық қасиеттерге ие».

Лионель Месси

«Менің ойымша Криштиану – әлемдегі ең үздік футболшы. Роналду жасыл алаңда бәрін де істей алады...»

Пепе

«Ол әлемдегі жан-жақты жетілген ең үздік футболшы».

Гарет Бэйл

«Роналду – мен өмірде кездестірген ең бір мақсатына жеткіш ойыншылардың бірі»

Хаби Алонсо

«Кейде оның қалай ойнағанына қарап үнсіз қарап отыратын сәттер болады...»

Тьерри Анри


Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: smotrisport.tv, championat.com, livesport.ru, vk.com

Н. Айдархан