Бекхэм: «Фильмде менің рөлімді Брэд Питт сомдағанын қалаймын»

Бекхэм: «Фильмде менің рөлімді Брэд Питт сомдағанын қалаймын»

Ағылшындық әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм өзі туралы фильм түсірілетін болса, фильмдегі рөлін кім сомдаса сәтті шығатыны туралы пікір білдірді.

– "Егер сіз туралы фильм түсірілер болса, рөліңізді кім сомдағанын қалар едіңіз?" деген сұрақтар маған көп қойылатын еді. Мен көбінде жауап бере алмайтынмын.

Меніңше, мен туралы фильмнің басты рөліне Брэд Питт сай келетін секілді. Өзім де соны қалаймын. Сонымен қатар, Леонардо ди Каприо мен Брэдли Купер де менің рөлімді сомдай алады деп ойлаймын. Оларға да сенім арта аламын.

Осыған дейін әйгілі футболшының жары Виктория Бекхэм сүйіктісінің рөлін Джеймс Бонд сомдағанын қалайтынын жеткізген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай