Диего Марадона өз жолдасын қорғады

Диего Марадона өз жолдасын қорғады
Фото: euroradio.fm

Алдыңғы жазбаларымызда Аргентинаның футбол жұлдызы Диего Марадона жайлы айтып кеткен болатынбыз. Бұл жолы да Марадона БАҚ көздеріне түсіп отыр. Біріккен Араб Әмірлігінің про-лигасының кезекті кездесуінде "Аль-Васл" клубының бас жаттықтырушысы Диего Марадона "Аль-Шабаб" командасының жанкүйерлерімен ұрыс-дауға тап болған.

"Аль-Шабаб" клубының жанкүйерлері трибунада еуропалық стильмен киінген әйелдерді балағаттай бастады. Олардың арасында жаттықтырушының досы Вероника мен "Аль-Васлдың" орталық қорғаушысы  Хуан Игнасио Мерсьенің жұбайы болған.

Кездесуден кейінгі баспасөз отырысында Марадона жергілікті жанкүйерлерді қорқақ деген. "Олар әйелдерге бас сала алады, ал нағыз еркектерге бір сөз де айта алмайды" - деп лепірген аргентиналық жаттықтырушы. Бір айта кететіні, бұл кездесуде жеңіске Марадонаның командасы жетті.